Weekend
«Әкім» фильмі
Режиссер Нұртас Адамбай не себепті «Әкім» фильмін түсіргенін түсіндірді. Зеленскийдің жолы қуғысы келе ме?
7 қарашада прокатқа шығатын «Әкім» кинотуындысында Нұртас Адамбай продюссер, режиссер, актер ретінде жұмыс істеген.
- Бұл фильмде біз тағдырдың айдауымен ауылға әкім болуға барған жас мажордың оқиғасын ойлап таптық. Бұл қарапайым романтикалық комедия болады. Көпшілік мені әкім болу үшін «Әкім» фильмін түсірді деп ойлайды. Негізі, менің ондай мақсатым болған жоқ. Жалпы, мемлекеттік қызметкер болуды қалай армандауға болады? Менің үнемі көп ақша тапқым келеді. Маған Зеленскийдің жолы әзірге қызық емес. Яғни, мүлдем қызық емес, - деді Нұртас.