Саясат
Қазақ билігі де қарсы емес
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты жаңа белеске көтергісі келеді. Мұны Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 18-ші отырысында, Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Қытайдың Хinhuanet басылымына сілтеме жасап.
Қытай премьерінің айтуынша, қазақ-қытай қарым-қатынасы қазір өте жақсы әрі дамудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндігі зор. Оның үстіне, екі ел бірін-бірі толықтыра, дамыта түседі.
Қытай үкіметі қазақ билігіне жаңа салаларда серіктестік орнатып, сауда-саттықты дамытуға, энергетика мен өндіріс саласындағы байланысты одан әрі тереңдетуге арналған келісімшарттарды ұсынуға дайын.
Ал Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, өз кезегінде, қазақ-қытай сауда-саттығы тез дамып жатқанын әрі екі елдің арасында ешқандай мәселе, қиындық пен дау-жанжалдың жоқ екенін атап өтті.
- Қазақстан Қытаймен түрлі салада ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға әзір, - деп келтіреді Маминнің сөзін аталмыш басылым.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Chinadialogue.net ұйымының сайты Қытайдың Қазақстанға құйғалы жатқан инвестициясының көбі газ бен мұнай саласына салынғанын әрі мұның соңы экологиялық қауіпке әкелуі мүмкін екендігін жазған еді.
Одан бөлек, экологиялық ұйым Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы жайында толық, түсінікті ақпарат бермей отырғанын да атап өтеді.
- Билік өкілдерінің сөйлеген сөздері мен құжаттарында бұл 55 жоба туралы көп айтылады. Сарапшылар мен белсенді экологтар бірнеше жылдан бері тізімді жариялауды сұрап келеді, алайда билік бұл ақпараттың "коммерциялық құпия" екенін айтқан деп жазады автор. Ал белсенділер болса, бұл тізімді ашық жарияласа, өсек пен үрейге орын аз қалады, Қытайдың жобаларына қатысты қоғамның қордаланған сұрақтарына жауап беруге және Қытайға қарсы наразылықты бәсеңдетуге мүмкіндік болады деп сендіруге тырысқан, - деп жазады басылым.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61