Саясат

Сот Трамптың мигранттардың медсақтандыруы жайлы заңын бұғаттап тастады

Медициналық сақтандыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Трамп медсақтандыруы жоқ мигранттарды АҚШ-қа кіргізуге тыйым салған еді. АҚШ-тың жеті азаматы мен бейкоммерциялық ұйым жарлықты бұғаттау туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың медициналық шоттарды төлеуге қабілетсіз мигранттардың елге кіруіне тыйым салатын Жарлығының күші тоқтатылды. Тиісті шешім Орегон штатындағы Портлендтағы Федералдық сот шығарды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Сотқа АҚШ-тың жеті азаматы мен коммерциялық емес ұйым талап арызбен жүгінді. Олар Трамп жарлығы әлеуетті заңды мигранттардың үштен екісінің келуіне кедергі келтіреді, сондай-ақ отбасылық визалар бойынша елге келетін адамдардың санын айтарлықтай қысқартады деп есептейді.

- Кешке күшіне енетін тыйым отбасыларды бөліп, жасыл карта негізінде келген мигранттар санын үштен екіге азайтады, - деп талапкерлердің мүдделерін білдірген Justice Action орталығының өкілі Эстер Сун мәлімдеді.

Трамптың тыйым салуы елге кіруге иммиграциялық виза алуға өтініш білдірген адамдарға ғана қатысты. Сондай-ақ, бұл ереже Америка Құрама Штаттарында тұруға рұқсаты бар адамдарға, пана іздеушілерге, босқындарға және балаларға қолданылмайды. Алайда ереже американдықтардың ата-аналарына, ерлер мен әйелдеріне қатысты.

Сондай-ақ, Трамптың АҚШ-тағы босқындар лимитін күрт төмендетіп жібергені туралы хабарланды. Трамп бұл жағдайды Америка Құрама Штаттарында 18 мыңнан астам босқынның қабылдануы гуманитарлық тұрғыдан негізделген және ұлттық мүддеге сәйкес келеді деп түсіндірген болатын.