Сенім сені іздедім

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенімді жоқтап отыр жүрек әні,

Кеуде шерлі, бүгін де жан сыздаулы.

Қанша арманның қанаты қақ бөлінді,

Қанша үміттің сыңары жарсыз қалды.

Жылау ма,

жұбану ма, күлісу ме?

Бал арасы сыңсиды гүл ішінде.

Арнамақ адамзатқа

ол ғұмырын,

Ал, менің, бал ғұмырым кім үшін де?

Сенім жоқ,

бұлттар бар бөз оранған,

Сұрақ көп алақанын жазған алдан.

Көшелер өкшелеген бірін-бірі,

Күрсінген,

күңіренген,

тазаланған..

Өзге өмір

өзгермеген тек құбылам,

Жүрек мұз, көңіл шіркін бар суыған.

Қайтаршы,

сол өткенді қайтар маған,

Сенімімді сол жерлерден аршып алам.

Көңілдің кірін шайқап алсам ба екен

Кірпияз үмітіме тамшылаған!

 Камшат Абылгазиновна


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61