Экономика

Kaspi.kz-пен ақша аудару: Министрлік тыйым салуы мүмкін бе?

Көлеңкеде қалған салық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның қаржы министрлігі Kaspi.kz-пен ақша аударуға тыйым салмайтынын, бірақ салық салатынын мәлімдеп отыр.

Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің салық пен мемлекеттік төлемдерден қашып тауар мен қызметті Каспий қосымшасымен сатып жүргенін айтып шағымданып отыр. Яғни, заңды кәсіпкерлер комиссиясыз ақы алу арқылы салықтан жалтарып отыр. Қазір такси, шаштараз, сұлулық салоны, азық-түлік сатып алу, көлік жуу, т.б. салада қызмет пен тауар кассасыз сатылып жатқаны белгілі.

Алайда азаматтар үшін бұл қосымшаның пайдасы көп болғандықтан, оны қолдануға тыйым салмайтын болды. Бірақ кәсіпкерлерге салық төлетпек.

Әзірше, министрлік тауар мен қызмет сатқанда аударылатын ақшаны қалай заңды түрде аудару қажеттігін қарастырып жатыр.

- Kaspi Gold-пен төлем жасау ыңғайлы, әрине. Алайда төлемді задық тұрғыдан жасау жағынан дұрыс емес. Салық кодексі бойынша сатылған тауар мен қызмет чекпен фиксациялануы тиіс. Ал мұнда ондай механизм жоқ. Біз төлемнің мұндай түріне тыйым салғымыз келген. Алайда экономикаға айтарлықтай зияны тию мүмкін. Сондықтан оған тыйым салмаймыз, - дейді елдің қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Қазір банк пен министрлік бірігіп, жаңа бағдарлама жасауға кірісіп кетті.

- Жақын арада P2P төлемінің (клиенттен клиентке) орнына басқа құрал құрастырылатын болады, - дейді министр.

Sputnik Қазақстан