Weekend

Өлең

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жар болшы Жаратушы Хақ Тағалам!

Жан едім дұшпанды да таптамаған.

Аяқтарым бой бермей бара жатыр,

Ақиқаттың ақ жібін аттамаған.


Жар болшы Жаратушы Хақ Тағалам!

Жан едім ешкімге кек сақтамаған.

Ашуым ақылымнан басым түсіп,

Ешқашан ешкімді де даттамағам.


Жар болшы Жаратушы Хақ Тағалам!

Жүректен иман нұрын ақтара алам.

Жүрегімде сен барда адаспаймын,

Өзіңе мадақ айтып мақтана алам.