Weekend
Өлең
Махаббат деген сендегі сезім,
Осылай енді бітті ме?
Жаным деп мені айтатын едің,
Жүректен өшіп кетті ме?
- Деп сұрақ қойды,
Сонда ол менен,
Басқаша жауап күтті ме?
Махаббат дейтін,
Ұлы бір сезім,
Жүрегін келіп түртті ме?
Осылай маған жеткізбек пе едің?,
Бетіме айтшы одан да.
- Деп тағы сұрақ қойғандай еді,
Жауап қатпадым оған да.
©️К.Ұзақов