Weekend
Өлең
Қол ұстасып айлы аспан астында,
Өзіңменен бірге жүру бір бақыт.
Болсаң егер мәңгі менің қасымда,
Сыр шертер ем жүрегімді тыңдатып.
Жүрегімді саған ғана берер ем,
Махаббаттан баяу ғана үн қатып.
Ғашық отын көзімнен-ақ көрер ең,
Саған арнап жазар едім жыр жақұт.
Міне, осылай менің қиял арманым,
Оқып жатсаң, түсінерсің қалғанын.
©️К.Ұзақов