Экономика
Бақыт Сұлтанов Қытайда жүр
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қытайдағы Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунлань екеуі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі тауарларын Ухань қаласына сату бойынша келісімге келді.
Ухань қаласы – Қытайдың Хубэй провинциясының орталығы, 12 млн халқы бар қала.
Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов екі елдің арасындағы сауда айналымы жылдан-жылға өсіп бара жатқанын, биылдың өзінде 9,2 млрд долларға сауда жасалғанын атап өтті. Әрі Қазақстан мен Қытай арасында тауар мен қызметті тікелей алмасайық деп ұсыныс жасады.
Кездесуде Қазақстан тауарларын Хубэй провинциясында сатуға рұқсат беретін екіжақты келісімге қол қойылды.
- Аталмыш меморандум Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы байланысты нығайтып, екі елдің де коммерциялық қатынастарды күшейтіп, бейшикізаттық тауарларды экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Бақыт Сұлтанов.