Авторлық ертегі

Сұлушаш және оның достары (ертегі)

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ерте, ерте, ерте де күңіренген ну орманда Сұлушаш деген қыз болыпты. Өзі ақылды, көрікті, сұлу екен. Оның үш досы болыпты. Олар қоян, қонжық, шөжек екен. Таңғы ас ішіп отырған әкесі қызына: 

- Қызым, сен орманға барма. Ол жерде қасқыр бар. Қасқыр өте қауіпті, - дегені сол еді қызы Сұлушаш:

- Әке, қойыңызшы. Қайдағы қасқыр, ол жерде қасқыр жоқ. Ал мен қасқырдан қорықпаймын. Ол жерге бір өзім бармаймын ғой. Қасыма қонжық, көжек, шөжек те бірге барады. Ал мен кеттім, орманнан гүл теріп келемін, - деп Сұлушаш әкесінің сөзін тыңдамай үйден жүгіріп шығып кетеді. Ал әкесі қатты қапа болып қалады.

Орманда Сұлушаш гүл теріп жүреді. Қасында қонжық, көжек, шөжектер де бірге. Қонжық:

- Достар! Қане ойын ойнайықшы. 

Сұлушаш:

- Иә, ойнасақ ойнайық. Тығылыспақ ойнайық. Ал бізде қонжық сен жұмасың, ал біз тығыламыз. 

Қонжық:

- Жарайды.

Орманда әрқайсысы әр жаққа тығыла кетті. Қонжық іздей бастады. Бірінші Шөжекті, сосын қоянды тапты. Ал Сұлушашты таба алмай қойды. Көп іздеді... Сосын бір үңгірді көрді. Жақын барса, Сұлушашты қасқыр қамап қойыпты. Қонжық Сұлушаштың әкесін көмекке шақырту үшін Шөшекті үйіне жөнелтеді. Бұлар Сұлушашты босатпақ болып еді бұларды да қасқыр ұстап алды:

- Ап, бәлем ұсталдыңдар ма?! Енді менен құтыла алмайсыңдар. Еттеріңді отқа қақтап жеймін. Ал қайсы біріңнен бастайын. 

Қонжық:

- Қасқыр аға, бізді қойып жіберіңізші өтініш! Бізді қойып жіберсеңіз сізге жаңылтпаш айтып береміз. 

Қасқыр:

- Жаңылтпаш? Ол не тағы жаңылтпаш? Қызық екен? Ал айтшы кейін ойланып көремін. Қонжық:

- Толағайдың торы ала аты бар,

Толағай торы атыңды

Тағалатып ал. 


Сегіз семіз серке,
Семіз сегіз ерке.
Сегізі де егіз,
Семізі де сегіз.


-Тоқта, сен менің миымды ашытып жібердің. Айтпа болды. Одан да сендерді тұрған жерлеріңде жей салайын,-деп қасқыр енді аузын аша берген де мылтықтың дауысы естіледі.Қасқыр қорыққанынан алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Сұлушаш әкесін көріп қаттты қуанады:

- Әке, енді сіздің айтқаныңызға құлақ асамын. Енді орманға бармаймын. Сөз берем.

Сұлушаш пен оның достары аман-есен үйлеріне қайта оралады.

P.S: Балалар әрдайым үлкендердің айтқанына құлақ салыңдар. Үлкендер сендерге әрдайым жақсы болсын дейді. Жарайма, балалар!