Саясат

Назарбаев Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысады

Елбасы қазір Түркістанда жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа Тұңғыш Президент саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобалары таныстырылды. Ертең құрылыс жұмыстарымен таныспақ.

Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр, - деп жазды Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев парақшасында.

Сондай-ақ, Елбасы желілік саябақ жасау жоспарын көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қазақстанның Тұңғыш Президентіне "Күлтөбе қалашығы" археологиялық саябағын құру жобасы туралы ақпарат берілді.