Weekend

Белгілі актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

Раиса Мұхамедиярова бірнеше фильмде ойнаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеңестік және қазақстандық театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі растады. 

Раиса Мұхамедиярова бүгін таңертең 80 жасында қайтыс болды.   

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілде күні Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін екі жылдай Сарыағаш аудандық партия комитетінде машинист-хатшы болып жұмыс істеген. Кинематографта "Песня зовет" деген фильмдегі рөлден кейін танымал болып кетті. Бұдан бөлек, актриса "Менің атым Қожа" фильміндегі рөлімен есте қалды. Ол сондай-ақ "И в шутку и всерьëз", "У подножья Найзатас", "Однажды и на всю жизнь" және "Человек-олень" фильмдерінде ойнаған.

1964 жылы Раиса Мұхамедиярова қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шықты.