Саясат
Олар адам құқығын көтеруді көздеп отыр
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін Нұр-Сұлтанға Қазақстанның адам құқығы мен бостандығы жайлы ІІІ ұлттық баяндамасын жасау барысында қысым жасауға шақырды. Осы арқылы ұйым бейбіт шеру өткізу мен өз талаптарын қою құқығын азаматтарға қайтарып беруге үндеді.
Қазақстан БҰҰ-ның Кеңесінде адам құқығы бойынша Әмбебап кезеңдік бақылау негізінде 7 қарашада есеп беруі тиіс.
HRW ұйымының 4 қарашадағы мәлімдемесіне сәйкес, әлем елдерінің үкіметтері Қазақстанға қысым көрсету арқылы президенттің адам құқығы бойынша жауапкершілігін орындату мақсаты көзделген.
- Президент Тоқаев БҰҰ-ын өзгелерге қарағанда өте жақсы біледі. Соған қарамастан ол Қазақстанды БҰҰ-ның адам құқықтары стандартына жеткізе қойған жоқ. Кеңеске қатысатын елдер Тоқаев мырзаны адам құқығын көтеру мәселесі бойынша қысымға алу керек, - дейді HRW ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.