Саясат
Зеленскиймен сөйлескен сөзі құпия жүйеде жатыр
Джон Айзенберг куәлік беруден бас тартты, ол Трамп пен Зеленскийдің әңгімесін Ақ үйдің ең құпия жүйесінде сақтаған.
Ақ үйдің төрт шенеунігі 4 қараша, дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамптың импичментіне қатысты тергеу барысында АҚШ Конгресінің алдында жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийге ықтимал қысым жасауы туралы айғақтарды Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас заңгері Джон Айзенберг, сондай-ақ бюджеттік әкімшіліктің үш лауазымды адамы беруі тиіс болған еді.
- Менің сөздерім мен оның мағынасын талдау үшін куәгерлерді шақыруға негіз жоқ, - деп жазды Трамп Twitter-де.
Демократтардың 25 шілдеде Трамп пен Зеленский арасындағы телефон арқылы сөйлесуі кезінде болған Джон Айзенбергтің ақпараттарына қатты қызығушылық танытқаны айтылады. Александр Виндманның айтуынша, Айзенберг телефонмен сөйлесудің жазбасын Ақ үйдің ең құпиялы компьютерлік жүйесіне енгізген.