Экономика
Ресей БАҚ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесейдің «Коммерсант» басылымының хабарлауынша, Қытайдың Қазақстанға құйған инвестициясы, бейресми деректерге сүйенсек, 80 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Мұның 20 млрд инвестициясы, яғни, төрттен бір бөлігі газ мен мұнай секторына құйылған.
- Қазақстан – Қытайдың ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейінгі ең ірі экономикалық серіктесі. Ал Қытай – Қазақстанның Ресейден кейінгі ең ірі серіктесі. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық былтыр 12 млрд доллар болған. Қазақстан Қытайға, көбінесе, мұнай, астық, металл, газ сатады, - деп жазады Коммерсант.
2019 жылдың сәуірінде Қазақстан «Бір белбеу – бір жол» форумы аясында Қытайдың 55 жобаны жүзеге асыруға келісіп, 27,6 млрд доллар инвестиция алды. Алайда бейресми деректерге сүйенсек, Қытай Қазақстанға 27 млрд доллар емес, 80 млрд доллар инвестиция құйған.
- Ал Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 млрд доллар, - деп жазады басылым.