Weekend
Өлең
Жан-жағыма қарайлап елеңдегем,
Алдадың ба, сен жоқсың, келем деп ең.
Өз-өзіммен сырласып мен отырмын,
Шыға алмай тұңғиықтан тереңдеген.
Өп-өтірік жымиып күлімдедің,
Өп-өтірік сүйемін, күнім дедің.
Енді олай таптама сезімімді,
Жүрегімді қанжарсыз тілімдедің.
©К.Ұзақов