Weekend

Біреулер бар

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біреулер бар күлдірер де жылатар,

Біреулер бар биіктесең құлатар,

Сен біреуге қолың жетпей жүргенде,

Біреулер бар сені сырттай ұнатар.


Біреулер бар тура жолмен жүрмейтін,

Біреулер бар адалдықты білмейтін,

Ақиқатын сезіп біліп тұрсаң да,

Біреулер бар өтірігін шын дейтін. 


Біреулер бар шын достықты білетін,

Біреулер бар шын қайғырып, күлетін,

Өзі қайғы, өзі жапа шексе де,

Біреулер бар тек күлімдеп жүретін.


Біреулер бар сені өзгеден қорғайтын,

Біреулер бар əрқашан да қолдайтын,

Байқамастан ренжітіп алсаң да, 

Біреулер бар шын сезімін жолдайтын.

©К.Ұзақов