Экономика
Қазақстан кәсіпкерлікке тиімді жағдай жасау жөнінен 65-орында тұр
Рейтинг авторларының мәліметінше, Brexit-ке қатысты мәселенің түпкілікті шешілмегеніне қарамастан Ұлыбритания еңбек ресурсы, инновациялар мен қағазбастылықтың болмауы жөнінен екінші жыл қатарынан бірінші орынға шығып отыр. Екінші орынды Швеция, үшінші орынды Гонконг иеленді.
Бизнеске қолайлы 10 үздік елдің қатарына Нидерланды, Жаңа Зеландия, Канада, Дания, Сингапур, Австралия мен Швейцария да еніп отыр.
Қазақстан рейтингтің 65-орнында. Ресей 55-орында, Әзірбайжан 70-орында, Украина 77-орында, Армения 81-орында, Беларусь 88-орында. 161 мемлекеттің ішінде Өзбекстан рейтингтің 105-ші, Қырғызстан 108-ші, Тәжікстан 124-ші орнына жайғасқан.
Дереккөз: baribar.kz