Саясат

Қытайлар Ресей жеріне заңсыз кіруде

Рұқсатсыз, заңсыз жүр екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай туристтері Камчаткада қаптап кетті. Олардың көбі - рұқсатсыз елге кіргендер. Бұл туралы Regnum агенттігі хабарлайды. 

Басылым мәліметі бойынша, Ресейдің Владивосток қаласына келетін қытай туристтері электронды визамен елге енеді. Ал бұл визаның шарты бойынша туристтер Владивосток қаласынан басқа жаққа шықпауы тиіс. 

Алайда қытай туристтері өңірден шығуға рұқсат алмай, Камчаткаға кетіп қалады. Онда туыстары, жақын таныстары тұрады. Соған барып қоныстанып, турагенттермен заңсыз жұмыс істейді және экскурсияға барады.