Саясат

Горбачев Кеңес Одағының құлауының нақты себебін айтты

Берлин қабырғасының құлауының қатысы жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы Кеңес Одағының премьер-министрі Михаил Горбачев КСРО-ның құлауына Берлин қабырғасының құлауы емес, Чернобыль апаты себеп болғанын айтты, деп хабарлайды "Express" агенттігі.

Горбачев - Кеңес Одағының сегізінші және соңғы жетекшісі. 1985-1991 жылдары Коммунистік партияның бас хатшысы және 1990-шы жылдан 1991-ші жылға дейін Кеңес Одағының басшысы болып қызмет атқарған. Қазір 88 жасқа келген соңғы кеңес басшысын бүгінгі әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алып, оны тоқтатқан адам ретінде таниды. Ал бұрынғы кеңес елдері оны "сатқын", "КСРО-ның түбіне жеткен адам" деп жақтырмайды. 

Биыл Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл толып отыр. Соған орай 4 қазан күні Михаил Горбачевті BBC Radio радиосы қонаққа шақырып сұхбат алды. Сұхбат барысында Горбачев қазіргі әлемге қауіп төндіріп отырған ең үлкен нәрсе - ядролық қару екенін айтып, КСРО да осы ядролық қарудың кесірінен ыдырағанын тілге тиек етті. 

- Жаппай қырып-жою қаруы, ядролық қару болған жағдайда, олардан келетун қауіп өте үлкен, - деді ол. 

Горбачев мырза өз елінде бөлшектеуші тұлға болып қала береді, өйткені көптеген орыстар оны әлі де Кеңес Одағының ыдырауымен байланыстырады.

- Менің қайта құру туралы реформамнан гөрі Чернобыльдағы АЭС-та болған апат бес жылдан кейін Кеңес Одағының ыдырауының нақты себебі болуы мүмкін, - деді Горбачев мырза.

1986-ші жылы 25-ші сәуірде Украинаның Припять қаласындағы Чернобыль атом электр станциясында жойқын ядролық апат болған еді.

Бұл тарихтағы ең ауыр ядролық апат болып саналады. Жетінші деңгейге жеткен екі ядролық апаттың бірі. Ал екіншісі - 2011-ші жылы болған Жапониядағы Фукусима Дайичи ядролық апаты. 

Ядролық апаттан тараған радиоактивті заттар Хиросима мен Нагасаки қалаларын атом бомбасымен бомбалаған кездегіден 400 есе жоғары болған.