Саясат
Төрт жылға созылған соғыс аяқталды
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд төрт жылдан астам уақыттан бері күресіп келе жатқан Йемен үкіметі мен Оңтүстік өтпелі кеңес (ЮПС) сепаратистерінің арасында бейбіт келісім жасалғаны туралы жариялады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Сауд Арабиясының ханзадасының айтуынша, енді екі елдің арасында дау-жанжал туындамауы тиіс әрі келісім жаңа кезеңнің бастамасы болып табылады.
Айта кететіні, 2014 жылдан бастап Йеменде азаматтық соғыс жалғасуда.
Соғысушы жақтардың бірі – хуситтердің әскери қанаты («Ансар Алла» шииттік қозғалысы) және елдің бұрынғы басшылығына адал әскердің бір бөлігі. Оларды Иран мен «Хезболла» ұйымы қолдау көрсетіп отырған болуы мүмкін.
Қақтығыстың екінші жағы – хусит әскерлері қуған сүнниттік президент Абд Раббо Мансұр Хадидің әскерлері және Сауд Арабиясы бастаған коалиция. Олар Аденде орналасқан.