Woman

Елизавета II теріден жасалған киімдерді киюден бас тартты

Себебі белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II табиғи теріден тігілген киімдерді киюден бас тартты. 

Бұл туралы Патшайымның жеке кеңесшісі және оның бас сәнгері Анджела Келли өзінің «Монетаның басқа жағы: патшайым, модельер және киім шкафы» кітабында жазды, деп хабарлайды The Telegraph.

Ағылшын патшайымы енді жасанды теріден жасалған бұйымдарды киетін болады. Биылдан бастап. 

Алайда 1953 жылы патшайым өзінің тәж кию рәсімінде киген, ақкіс терісінен жасалған күлгін барқыт шапаны сияқты киімдердің маңызды салтанатты рәсімдерде де киіле ме әлде жоқ па, белгісіз.

Королеваның табиғи теріден неге бас тартқаны белгісіз. Бұған дейін Елизавета II-нің табиғи ішіктерде көпшіліктің алдына шыққаннан кейін, бірнеше рет сынға ұшырағаны белгілі.

Естеріңізге салсақ, Prada, Versace, Gucci, Burberry, Michael Kors сынды танымал брендттер де теріден киім тігуден бас тартқан еді. 

.