Weekend
Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді екен
Шаршасаң — гүлдің суретін сал.
Ашуға булықсаң — сызықтар сал.
Ауырсаң — мүсін сомда.
Ішің пысса — бір параққа түрлі гүлдің суретін сал.
Көңілсіз болсаң — кемпірқосақтың суретін сал.
Қорықсаң — макраме тоқы, құрақ құра.
Бойыңды үрей билесе — жіптен орап қуыршақ жаса.
Ызалансаң — қағазды ұсақтап жыртып таста.
Алаңдасаң — оригами құрастыр.
Қатты уайымдасаң — ою-өрнек сал.
Бір нәрсені еске түсіру керек болса — лабиринттің суретін сал.
Көңілің қалса — картинаның көшірмесін сал.
Күдерің үзілсе — жолдың суретін сал.
Бір нәрсені түсінгің келсе — ман даланың суретін сал.
Күш-қуатыңды тез қалпына келтіру керек болса — пейзаж сал.
Сезіміңді түсінгің келсе — автопортрет сал.
Осы күйді сақтап қалғың келсе — түрлі-түсті дақтарды сал.
Ойыңды жүйелеу керек болса — балауыз ұяшығын не шаршының суретін сал.
Өзіңді түсінгің келсе, тілегіңді айқындағың келсе — коллаж жаса.
Ойыңды тиянақтағың келсе — нүктелерден сурет құрастыр.
Жағдайдан шығатын шешім іздесең — толқын мен шеңбердің суретін сал.
Мақсатыңды айқындағың келсе – тордың, нысананың суретін сал.
Аударған: Шынар Әбілдә