Bugin
«Назарбаевский старт»
Байқоңырда салынып жатқан кешенге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілетіндігі жөнінде хаттама дайын болды. Оған осы жылдың соңына дейін қол қойылуы тиіс, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Ресей ғарыш корпорациясы (Роскосмос) Байқоңырда құрастырылып біткен «Союз-6» және «Союз-5» орташа және жартылай ауыр зымыран тасығыштарына Назарбаевтың есімі берілетінін хабарлаған еді. Естеріңізде болса, ұсынысты РФ президенті Владимир Путиннің өзі жасаған болатын.
Енді Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Назарбаевтың есімін беру туралы құжаттың дайын тұрғанын, қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылатынын хабарлап отыр.
- Ұсынысты Президент әкімшілігі қарастырып, "Бәйтерек" зымыран ғарыш кешеніне «Назарбаевский старт» атауын беру туралы шешім қабылданды. Егер президент әкімшілігі қарсы болмаса, құжатқа осы жылдың соңына дейін қол қойылады, - дейді аэроғарыш министрі Марат Нургужин.
Министр сөз арасында аталмыш ұсыныстың Қазақстан парламентінде де қаралатынын айта кетті.