Bugin
23 млн теңге жұмсалған балкон
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлордадағы балконында жарық пайда болған «Орбита» тұрғын үй кешенінің қасбетін қайта жөндеу жұмыстары келесі жылдың мамыр айында басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты.
- Бүгінгі таңда тиісті шаралар қабылданды. Қаражат бөлініп, техникалық тексеру жүргізілді және жоба жасалып жатыр. Келесі жылдың мамыр айында тұрғын үй кешенінің қасбеті, балконы түгелдей қайта жөнделеді», - дейді Алтынбек Қайсағалиев.
Оның айтуынша, қайта жөндеу үшін қаражат қарастырылуда, бұл туралы әкімнің қаулысы бар.
- Бұйрыққа қол қойылды. Біз бұл мәселені шешеміз. Ол шешім оқиға БАҚ-та жарияланғанда, кеше немесе бір апта бұрын шыққан жоқ. Бұл шешім ертеректе, әкім осы нысанға барған кезде шықты. Өздеріңіз білетіндей, қала әкімі Алтай Көлгінов проблемасы бар нысандарды өзі аралайды. Ол сол кезде шешім қабылдап, қаражат бөлу туралы шешім шығарған, - деді ол.
Бүгінгі таңда бұл үйде 340 отбасы тұрып жатыр. Әкім орынбасарының айтуынша, балконды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61