Бағалы жан...

Достық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дос адам сарайыңды жұмақ етер. (Махмұд Қашқари)

Жалпы дос деген не? Менің өмірімде достықтың алар орны қандай? Осы сұрақтар бала кезімнен мазалаушы еді. Осыдан 3-4 жыл бұрын өмірді, барлық құндылықтарды ақшамен байланыстырушы едім. Бірақ сол оқиғадан соң, өмірімде ақшаның бір тиындық құны қалмағанын білдім. 

Ол кезде болмашы нәрсеге ренжіп қалушы едім. Бір күні қатты ренжулі күйде тысқа шығып кеттім. Көше бойлай жүріп келе жаттым, біреу қолымнан ұстап, итеріп жіберді. Жанталай қарап едім жерде сұлап жатқан қызды көрдім. Менің өмірім үшін, өзінің өмірін қия жаздаған жан құрбым Айнамкөз екен... Сол кезде сұрағыма нақты жауап таптым.

Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық, асыл қазына, киелі ұғым екен мен үшін. Құрбымның өмірімде ең бағалы жан екенін ұқтым... Осы кезде атақты философ Аристотельдің мына бір сөзі есіме түсті: "Бар ғаламның байлығын ұсынса да, ешкімнің доссыз өмір сүруге батылы жете қоймас". 

Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсейік.