Weekend

Қош бол менің сүйіктім!

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шын сүйген ем өзіңді,

Ол өзіңе белгілі.

Алдадың ғой сен мені,

Сенбестей қып ендігі.

Қош бол менің сүйіктім! 


Сені сүйіп қателік,

Жасағаным белгілі. 

Кіріп келме өтінем,

Өміріме ендігі.

Қош бол менің сүйіктім!


Сені сүйіп қателестім мен.


Сезімімді таптадың,

Айдан анық белгілі.

Кім болады білмеймін, 

Ойыншығың ендігі.

Қош бол менің сүйіктім!


Саған деген сезімім, 

Суығаны белгілі.

Ұмытамын өзіңді, 

Өмірімде ендігі. 

Қош бол менің сүйіктім!


Сүйемін деп алдадың ғой сен. 


Жүре берсем осылай, 

Алдайтының белгілі. 

Сезімімді таптатып,

Алданбаспын ендігі.

Қош бол менің сүйіктім! 


Жараланған жүректің, 

Емі уақыт белгілі.

Жазылған соң жүректі,

Ауыртпаспын ендігі.

Қош бол менің сүйіктім! 


Бақытты бол қайда жүрсең де.

©К.Ұзақов