Саясат

Әзірбайжан Ресей елшісіне наразылық нотасын тапсырды

Таулы Карабах мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әзірбайжан СІМ Ресей елшісі Михаил Бочарниковқа наразылық нотасын табыс етті. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

Бұған Таулы Қарабах республикасының билік өкілдері Масис Маилян мен Лерник Ованнисянның Мәскеуге сапары себеп болды. Ресми Бакудың айтуынша, олардың Ресейге сапары және бірқатар ресейлік сарапшылар мен академиялық орталық қызметкерлерінің кездесуі арандатушылық әрі "Армения басып алған аумақтарға статус-кво мәртебесін бекітуге, Әзірбайжан жерін тағы да жаулауға ықпал етеді".

Сондықтан Әзірбайжан Ресей билігі мұндай заңсыз келісімдерге бармайтынын, оған шара қолданады деген үмітте.