Bugin

Семейдегі Краснознаменная көшесіне мерген Баян Байғожинаның есімі берілді

Ерлікпен қаза тапқан қазақ қызы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есімі Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды қайсар қыздарымызбен бірге аталуы тиіс Баян Байғожинаға лайықты құрмет көрсетілмей келе жатқаны сан мәрте айтылып жүрген еді.

2018 жылғы 17 маусымдағы Қоғамдық тыңдаудан кейін Семейдегі Краснознаменная көшесіне Екінші дүниежүзілік соғысының батыры Баян Байғожинаның есімін беру туралы шешім қабылданды. Шешім кейін Республикалық ономастика комиссиясына бекітуге жіберілген, ал 2019 жылдың 9 тамызында бұл ұсыныс мақұлданды.

Краснознаменная көшесінің ұзындығы 900 метр және оның бойында 17 нысан орналасқан. Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, атауын өзгерту ешқандай арнайы қаржылық шығындарға алып келмейді.

Баян Байғожина - Абай ауданы, Арқат ауылының тумасы, Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, мерген, Қызыл Жұлдыз орденімен, 2 және 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. 1926 жылы туған қыз соғыс басталған кезде небары 15 жаста еді, ол Отан үшін батыл күресіп, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 12 күн қалғанда 15 фашисті, барлығы 24 фашисті құртып, ерлікпен қаза табады.