Bugin

ШҚО-да «айбалталы» ескерткіштер есептен шығарылды

Кеңес кезінен қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұған дейін облыстық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы облыстағы 6 нысанды мәдени ескерткіштер қатарынан шығаруды ұсынған болатын.

Үкіметтің "ШҚО-ның жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы" қаулы қабылдағаны белгілі. 

Осыған орай облыстың әр аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштердің біразы физикалық жойылуына немесе көркемдік және тарихи құндылығынан айырылғанына байланысты тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімінен шығарылды. Олар: Никольникова зираты (Алтай ауданы, Малеевск ауылында), Кеңес билігі үшін күресуші ағайындылардың зираты (Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында), Кеңес билігі үшін күресушілердің Мемориалды сквері (Катонқарағай ауаны, Самоновка ауылында), Семейдегі Найманбаев көшесінде орналасқан орталық телеграф, ауылдық клуб (Ұлан ауданы Екатериневка ауылында орналасқан) және Кеңес одағының батыры Қойгелді Аухадиевтің бюсті.

- Қойгелді Аухадиевтің бюсті Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен аулында Білім басқармасына қарасты облыстық арнайы режімдегі интернатта орналасқан. Ескерткіш көркемдік құндылығын жоғалтып, 80 пайызы ескірген. Келер жылы ескерткішті қайта қалпына келтіріп, Қорғаныс министірлігіне қарасты Семей әскери техникалық мектебіне беру жоспарлануда, - деп түсіндірді Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Раушан Тұрлыханқызы.