Саясат

Полиция департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Қандай жағдайда айыппұл салынады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы  мегаполисте жазғы дөңгелектермен жүргендерге әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті. 

«Күн-райының құбылуы мен жауын-шашының көп түсуіне, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен автокөлік иелеріне дөңгелекті қысқы шиналарға ауыстыру керектігін ескертеміз. Кедендік одақтың «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентінің 8-қосымшасы 5.5-тармағына сәйкес, жазда сырғанауға қарсы жабдықталған дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынады. Ал қыс мезгілінде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды бұзған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-тармағы бойынша 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады», – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Жандос Мұраталиев.

inbusiness.kz