Bugin

Дариға Назарбаева Сайлау комитетіне жаңа мүше ұсынды

Ал депутаттар оны бірауыздан қолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7 қараша күні өткен сенат депутаттарының пленарлы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді. Ал үміткерді сенат басшысы Дариға Назарбаева ұсынды. Есімі – Анастасия Щегорцова. Бұған дейін Орталық сайлау комитетінде БАҚ-пен байланыс бөлімінің басшысы болған.

- Конституцияға сай Орталық сайлау комитетінің мүшесін сенат төрағасы ұсынады. Осы құқығымды пайдалана отырып, Орталық сайлау комитетінің мүшелігіне Анастасия Геннадьевна Щегорцованы ұсынамын. Анастасия Щегорцованың білімі жоғары, мамандығы – саясаттанушы, Астана қаласы әкімдігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшылық қызметте болған, - деді Назарбаева отырыста сөз сөйлеп.

Ал сенат депутаттары болса, Назарбаева ұсынған үміткерді бірауыздан қолдады. Сөйтіп, екі орны бос тұрған сайлау комитетінің мүшелігі тағы бір адаммен толықты. Енді тағы бір адам керек.

Бұған дейін комитетте мүшелікте болған Зәуреш Баймолдина Жоғары сот жанындағы Сот төрелігі Акамедиясының ректоры болып тағайындалып, мүшеліктен шығып қалса, Ләззат Сүлеймен сенат депутаты болып кеткен еді.

Forbes.kz