Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖылай-жылай таусылды тамшы жасым,
Ойлай-ойлай өзіңді солды басым.
Келмейтінің белгілі бетенеден,
Сағыныштан құса боп атты таңым.
Оянады пенделер сабылысқан,
Қым-қуыт тіршілікпен жолығысқан.
Менде тұрдым орнымнан ұйықтағандай,
Мең-зең күймен ұйқысыз жаңылысқан.
Терезеге қараймын пердені ашып,
Қар жауыпты далаға ұлпа шашып.
Қар бетінде бірең-сараң іздер жатыр,
Бері емес, кері қарай қадам басып...
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61