Bugin

Ғылыми еңбекті ұрлады деп айыпталған вице-министр қызметінен кететін болды

Фатима Жақыпованың дауы ушығып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғаған болатын.

Осыдан кейін Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан вице-министр Фатима Жақыпованы қызметінен босатылатынын хабарлады.

Мұны ол Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеді.

- Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде, - деп жазды кеңесші.

Тағы оқи отырыңыздар:

Депутат Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап етті

Білім вице-министрі Фатима Жақыпованың ғылыми еңбегі ұрланған боп шықты