Bugin
Оны шетелдік плагиат талдама дәлелдеп берді
Фатима Жақыпованың экономика ғылымдарының докторы атағын алу үшін жазылған зерттеу жұмысының плагиат, ұрланған екені өткен айда белгілі болған еді. Оны ол кезде әлеуметтік желі қолданушылары анықтап, ғаламторға таратып жіберген болатын.
Алайда Жақыпова бұл заңсыз айыптауға қарсы болып, оның өтірік екенін әрі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының өзі диссертацияны тексеріп шығып, плагиат белгілерін таппағанын айтып, ақталған еді.
Алайда Сәтпаев университетінің академиялық жұмыс проректоры Ринат Ысқақов Фатима Жақыпованың диссертациясын "StrikePlagiarism плагиат жүйесіне салып, тексеріп еді", плагиат болып шыққанын айтып отыр.
Бұл плагиат тексеру платформасы – ЕуроОдақ пен ТМД елдерінде қолданылатын сенімді жүйе. Сол жүйе Жақыпованың зерттеу жұмысында ұрланған мәтіндердің көп екенін анықтап отыр.
- Тексеру кезінде автордың кейбір дереккөздерді дұрыс көрсетпей, мәтіндерді көшіріп алғаны белгілі болды. Егер сілтеме көрсетілмесе, бұл плагиат болып саналады. Қазақстанның білім беру туралы заңында авторлық құқық пен зияткерлік құқық жайлы нақты нәрсе жоқ. Негізінде, біреудің зияткерлік меншігін сілтемесіз беруге болмайды. Сондықтан бұл жерде бір ғана қорытынды шығаруға болады: зерттеу жұмысы плагиат болып табылады, - дейді Plagiat.pl халықаралық компаниясының атқарушы директоры Али Тахмазов.
Плагиат тексеріс кезінде, шамамен, 258 беттік зерттеу жұмысының 115 беті плагиат болып шыққан. Яғни, 48,5%-ы ұрланған.