Саясат

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 75 жылдығын бірге атап өтпек

Жастарға арналған іс-шаралар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Ресей 2020 жылы келе жатқан жеңістің 75 жылдық мерейтойын бірге атап өтпек. Нұр-Сұлтан мен Мәскеу қаласындағы әскери шеруге қос елдің жастары қатысып, еріктілер қатысқан іс-шаралар өтпек. 

Мұны Ресейдің Жастар жөніндегі федералды агенттігінің басшысы Александр Бугаев мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

- Келе жатқан Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арнап көрші әріптестерімізбен бірігіп біз бірнеше іс-шараны қатар өткізгелі отырмыз. Оның ішінде халықаралық еріктілер жобасын ерекше атап өткізіміз келеді. Яғни, біздің елдің үздік еріктілері Қазақстанға барып, шара ұйымдастырса, Қазақстанның үздік еріктілері Мәскеуге келіп, әскериге шеруге қатысады, - деді Бугаев Омбыда өткен өңіраралық форумда.

Айта кеткен жөн, қазақ жастарымен бірге жұмыс істеу Ресейдегі жастар ұйымдарының басты бағыттарының бірі болып отыр. Форум аясында Қазақстан мен Ресейдегі еріктілер ұйымы басшыларының кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан тарапынан қол қойған ақпарат министрі Дәурен Абаев.