Hi-Tech

Facebook АҚШ-тағы сайлауды қорғау бағдарламасын іске қосты

2020 жылы АҚШ-та президенттік сайлау өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook компаниясы бейсенбіде саясаткерлер мен партиялардың аккаунттарын хакерлер мен басқа да араласулардан қорғауға арналған бағдарлама, сондай-ақ АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауын қорғайтын басқа шараларды іске қосқанын мәлімдеді. Бұл туралы bb.lv хабарлайды.

- Бүгін біз Facebook Protect-ті хакерлер мен шетелдік қарсыластардың шабуылдарынан, әсіресе, осал болуы мүмкін сайланбалы лауазымды тұлғалардың, кандидаттардың, олардың қызметкерлерінің және басқа да тұлғалардың есептік жазбаларын қорғау үшін іске қосып жатырмыз. Соңғы сайлауда көргеніміздей, олар зиянды әрекеттің нысаны болуы мүмкін, - деді компанияның хабарламасында.

Бағдарламаға қатысу үшін Facebook пен Instagram қолданушылары оған тіркелуі керек. Бағдарлама екі факторлы аутентификациядан тұрады. Егер жазбаға хакерлік шабуыл жасалатын болса, бірден сигнал береді. 

- Егер біз бір аккаунтқа шабуылды анықтасақ, біз бағдарламамызда тіркелген ұйыммен байланысты басқа аккаунттарды тексеріп, қорғай аламыз, - деп түсіндірді Facebook.