Саясат
Трамп -Тарихта қайырымдылыққа ең көп ақша жұмсаған адам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк штатының соты Трамптың қайырымдылық қорынан саясаткердің сайлау штабына жиналған қаражатты аудару кезінде «заң бұзды» деп тапқан шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды РИА Новсти.
Нью-Йорк штатының Жоғарғы соты бейсенбі күні Трамп АҚШ президентінің қайырымдылық ұйымдарына қарсы штаттың талабын реттеу үшін 2 миллион доллар төлеуі тиіс деп қаулы етті.
- Қайырымдылыққа жұмсалған ақшадан салық мекемелері төле ұстап қалмауы тиіс. Алайда Нью-Йорк штатының соты маған саяси интригалық шабуыл жасап отыр. Өйткені мен қайырымдылыққа (19 миллион доллар) ең көп қаржы құртқан адаммын, - деп мәлімдеді Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Президент жиналған қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсағандығын, ал Нью-Йорк штатының Бас прокуроры шешімі "саяси" екендігін айтып отыр.
Сондай-ақ Соттың Бас прокурордың пайыздарды, айыппұлдарды және басқа да залалды өтеу туралы талабын қабылдамағанын атап өтті.- Біз бұрын қорда болған (жиналған) қаражаттың қайырымдылыққа барғанын түсіндіріп, талапты реттедік», - деп мәлімдеді Президент.
Ол бірқатар қайырымдылық ұйымдарына, оның ішінде АҚШ-тың Холокост музейіне 2 миллион АҚШ долларын аударуға «риза болатындығын» айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61