Саясат

Енді Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады

Министрлік мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдағы екі жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады. Бұл мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады», делінген хабарламада. Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 2022 және 2023 жылдар аралығында автомобиль жолдарының қалған 5 мың шақырымын ақылы етудің екінші кезеңін жүзеге асыру көзделген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61