Саясат
Қытай Тайваньға қысымын арттыруда
Тайвань билігі Қытаймен қарым-қатынасының тым күрделеніп бара жатқанына алаңдаулы.
Тайванның сыртқы істер министрі Джозеф У Қытайды ішкі саясатқа араласып, президенттік сайлауға ықпал етпек болғандығы үшін айыптады. Президенттік сайлау барысында Қытай Тайванның қосылуы ерте ме, кеш пе іске асатынын мәлімдеді. Тайваньда президенттік сайлау 2020 жылы өтеді.
Джозеф У Reuters агенттігіне берген сұхбатында Қытайдың Тайваньға қысым жасап жатқанын айтты. Ол өз кезегінде Қытайдың қалыптасқан жағдайды өзгертпеуі үшін, Тайвань елінің үнемі соғысқа дайын екенін және ол дайындықты арттыра бермектігін сөз етті. Тайвань жақын арада АҚШ-тан қару сатып алу бойынша келісімге келгендігін мәлімдеді.