Саясат

Миллиардер Майкл Блумберг сайлауға түсуі мүмкін

Демократиялық партия атынан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нью-Йорктің бұрынғы мэрі осы аптада Алабамада демократиялық бастауыштарға өтініш беруі мүмкін.

Нью-Йорктің бұрынғы мэрі, миллиардер Майкл Блумберг осы аптада Алабама штатындағы Демократиялық праймеризге (бастапқы сайлауға) үміткер болу үшін құжаттар тапсыруы мүмкін. Блумберг президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлады бейсенбіде бірқатар ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, американдық БАҚ.

Блумбергтің кеңесшісі New York Times газетіне берген түсініктемесінде әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі кәсіпкер (Forbes журналы оның байлығын 53,4 млрд долларға бағалайды) әлі АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысуы туралы түпкілікті шешім қабылдамады деп мәлімдеді.

Reuters-ке берген сұхбатында Блумберг өкілі миллиардердің қазіргі демократиялық кандидаттардың Дональд Трамптың 2020 жылғы сайлауда жеңіске жету мүмкіндігіне күмәнмен қарайтындығын жеткізді.

Блумбергтің өкілі Ховард Волфсонның мәлімдемесіне сәйкес, «Майк үміткерлердің қазіргі құрамы Трамппен күресуге жеткіліксіз» деп алаңдайды.

Bloomberg медиа концерннің бас директоры 77 жастағы Майкл Блумберг Нью-Йорктің мэрі болып үш рет қайта сайланды, 2002-2013 жылдар аралығында қала әкімшілігін басқарды. Ол климаттың өзгеруі және атыс қаруын қолдану арқылы зорлық-зомбылықпен күресу саласында танымал активист және филантроп.