Weekend
Қуанышты хабар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАнглияның Чешир графтығының алты жасар тұрғыны Холли Морган қайтыс болған әкесіне ашық хат жіберіп, күтпеген жауап алды, деп хабарлайды Daily Mail.
Өткен жазда кішкентай қыз әкесінен айырылып, оған қатты қапа болған көрінеді. Әкесінің туған күні қазан айында әрі биыл 47 жасқа толады.
Қыз әкесін құттықтауға шешім қабылдады және оған құттықтау хатын жіберді. Конвертте ол: «Әкем көкке» деп жазыпты.
Бірнеше күннен кейін Морган үйдің алдындағы пошта жәшігінен Холлиге келген хат алып таңқалады. Бұл хат «жұлдыздар мен басқа ғарыш нысандарын жеңіп, әкеңе, жұмаққа жеткізілді» делінген. Хатты оқып кішкентай қыз қатты қуаныпты.
Ал хатты жазған пошта қызметкерлері екен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61