Саясат
Ердоғанның мәлімдемесі
Сирияда басқа мемлекеттердің қарулы күштері қалатын болса, Түркия әскері де қалады. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды NTV телеарнасы.
Оның айтуынша, Анкара аймақтағы лаңкестер жойылмайынша кетпейді, себебі олар шекараға қауіп төндіретінін айтты. Ал Түркия мен Сирияның шекарасы 911 шақырымға дейін созылып жатыр.
Ол Анкараның, Сирия Араб Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін жақтайтынын айтты.- Біз басқа мемлекеттерден кейін ғана кетеміз. (...) Ресейде де, АҚШ та да, Иранда да Сириямен ортақ шекара жоқ, - деді Ердоған.
Ердоған сондай-ақ АҚШ-ты Сирия аумағынан күрд "халықтық өзін-өзі қорғау жасақтарын" шығару жөніндегі уәдесін орындамады деп айыптады.