Саясат

Түркия президенті: Мұсылмандардың бауырмалдығында шек жоқ!

Арамызда ешкім араздық тудыра алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті 8 қараша күні Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өту барысында Әлемдегі мұсылмандар үмметінің (қауымының) байланысы өте мығым, оны бұзу оңай емес екендігін айтты, деп хабарлайды "American Airlines" ақпататтық сайты.

Режеп Тайып Ердоған аптаның басында Ыстамбұлда өткен Мұхаммед пайғамбарға арналған Мавлид әл-Наби мерекесінің басталу салтанатында:

- Біздің елден мыңдаған немесе ондаған мың шақырым алыстағы адамдардың проблемалары бізді неліктен алаңдатады? Өйткені Ислам - жалпыға ортақ және саналы түрде үммет болу, - деді.

Ол тағы да:

- Мұсылмандардың бауырмалдығында шек жоқ. Біздің арамызда ешкім араздық тудыра алмайды, - деп сөзін жалғады.

"Ердоған Сириядан босып келген мұсылмандарға бауырмалдық танытып, елде оларға пана тауып беруге тырысып жатқанын айтып, түрік пен сирия халқының мұсылмандық бірлігіне тоқталды" деп жазады басылым. Одан бөлек, Ердоғанның ауызынан босқындарды Сирияға жіберу, қуу туралы сөз шықпағанын атап өтті. 

Түркия қазіргі таңда шамамен 3,6 миллион сириялық босқындарды қабылдаған және ресми мәліметтерге сәйкес, оларды паналатуға 40 миллиард доллар жұмсаған. Оның үстіне, босқындардың ең көбін Түркия қабылдап, паналатып отыр. 

- Біз адамдар арасында менмендік, әлеуметтік ауру, әділетсіздік, қысым көрсету мен зорлық-зомбылық жайлаған дағдарыс дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, - деді Ердоған.

Ердоған егер мұсылмандар бүгінде «сенім қоғамын» құрғысы келсе, Мұхаммед пайғамбар сияқты шынайылықты, адалдықты, сүйіспеншілікті, құрмет пен жанашырлықты басты орынға қою керектігін айтты.