Weekend

Қашан оянамыз, қазақ елі?

Бірлігі кеткен ел жаман

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда қазақтың жағдайы мәз емес. Бұған себептер жетерлік. Дегенмен бүгінгі күнде әрбір қазақ "қазақ ояну керек", "қазақ ұйқыдан тұру керек" тағы да сол сияқты ақылды, көңілге қонымды сөздерді жиі айтады.

Бірақ бәріміз ауызбен айтудың шебері бола тұра өзгеруді өзімізден емес, өзгеден талап ету үстіндеміз. "Әлемді өзгерткің келсе, алдымен артқа бұрылып өз үйіңе 5 рет қара" деген қытайдың нақыл сөзі бар екен. Сол секілді қазір де өзгеруді өзімізден бастан жөн сыңайлы. 

Мен 17 жастағы бала бола тұра, елдің болашағына алаңдаулы күйде қараймын. Себебі бүгінгі күнде тәубеге келе алмай жүрген халық ертеңіне елеусіз қарап жүргендей. Халықтың жағдайы жақсару үшін міндетті түрде биліктің басына тиісіп, саясат жайлы сайрау ғана емес, сонымен қатар өзгеге үлгі болардай өзіңді дұрыстау.

Әлбетте біз бәріміз өзімізге өзіміз дұрыс өмір сүріп жүргендейміз. Алайда ұйқылы-ояу күйде күн кешіп жүргенімізді білмейміз. Бүгінгі күнің сипаты сөзбен айтуға келмейтін секілді. Менің пікірімше, елдегі халықтың, жалпы қазақ елінің басты құндылығы бірлік деген ұғымды жоғалтып алғандаймыз.

Бір мысалмен келтіре айтсам, ертеде бір хан үлкен қазан алып халықтан сол қазанға әрбір адам бір кесе сүт құюын сұрапты. Сонда арасынан бір өте ақылды кісі сүт орнына су құйып, бір кесе судан дым өзгере қоймас деп өзінше әрекет етіпті. Таң атқан кезден қазан астын жағып хан халыққа қайнаған сүт бермек болады. Бір кезде қазанның қақпағын ашса, мүлдем сүт жоқ, қайнаған су тұр екен. Көрдіңіздер ме? Біреу солай ойлады, мен істемесем өзгере қоймас деп, арты өкінішке алып келді. Сондықтан қазақ елі өркендеу үшін, даму үшін әр қайсысымыз қазірден әрекет етіп, өзімізді осы сәттен өзгертуіміз қажет.