Weekend
Жастарға мотивация керек
ЕҰУ-нің бас ғимаратында 7 қараша күні NLP-coаching-тің спикері, телепродюсер, тележурналист, психолог, мотиватор жəне көпке танымал "Мақпалдың мекені" сияқты өзге де психологиялық кітаптардың авторы Мақпал Қаратайдың "Өміріңді бағала" атты мотивациялық кеші өтті.
Аталмыш кешке жас қоғам көкейінде жүрген сұрақтарына жауабын іздеп, əр түрлі факультеттердің студенттері қатысып отыр. Іс-шараның өңін жарқырату үшін Мақпал Қаратайдың орасан күш салғаны анық көрінді. Жəне кештің соңына дейін жалынды жастарымыздың қалтырап тұрған жанарларының отын ептеп жандыра алды.
Мотивациялық кештің басты мақсаты - келешек ұрпақтың санасын ашу, Кеңестік социалистік республикалар одағы кезеңіндегі ойлау жүйесінен безітіп, көш басын бастайтын, шектеуі жоқ жас ұрпақты тəрбиелеу. Ал тəуелсіз менталитеттің кірпішін қалайтын алтын буын болғандықтан, Мақпал Қаратай жиында болған көрермендер көзайымы сынынан сүрінбей өтті деп ойлаймыз.
Сөз басында Мақпал Қаратай "Сіздер менен бір нəрсе үйренгеннен гөрі мен сіздерден ақыл үйренуге келдім" деп жастарды сөзге баулып, конфиренция кеңсесінде жылы атмосфераны орнатты. Соның арқасында студенттер мен спикердің арасында ашық диалог құрылды. Жиынның соңында барлық белсенді болған қонақтарға Мақпал Қаратайдың "Armandar Oryndalady" атты ерекше стильде көркемделген кітаптары мен тағы бірнеше шағын сыйлары марапатталды.
Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндегенде, үлпілдек қанатты жастарымыз рухани азық алып қайтты деуге тұрарлық.