Weekend
Вокалдық шоу
12 сағат ішінде Қытайдың Weibo сервисінде Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен шоу 120 миллион қаралым жинады.
Қытай телеэфиріне «Mask Singer» бағдарламасы шыққан, онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бірнеше ән орындады.
Mask Singer - Қытайдағы танымал вокалдық шоу, қазылар алқасы маска киген танымал адамдардың өнерін бағалайды. Құдайберген сахнада бүркітті бейнелепті.
Әнші Инстаграмындағы жазбаға сүйенсек, Weibo әлеуметтік желісінің 12 миллионнан астам қолданушысы 12 сағат ішінде бейнені қарап үлгерген.