Weekend
Жас тілшілерге жаңа мүмкіндіктер қол созып тұр
Тарихы тағылым, аты аңыз, тілшісі сөз мергені, өлең зергері «Алматы ақшамына» биыл 30 жыл, сонау 1988 жылдан бастап, оқырманын танымды дерекпен, пайдалы кеңеспен қуантып келе жатқан баспаның бір топ аға буын өкілдері Қали Сәрсенбайдың басшылығында Тұранға ат басын бұрды. Жайдан жай бұрған жоқ, өздерімен бірге жағымды жаңалықпен, қоржын-қоржын рухани азық көтеріп келді. Жас өрендермен кездесу барысын білім орда басшысы Рахман Алшанұлы ашып беріп, қазіргі таңдағы университеттің жас тілшілерінің жетістіктерін сөзге тиек етті. Әрмен қарай сөз тізгінін қара шаңырақ өкілдері, тірлігі көп тілшілердің тұлғалары жалғап кетті. Қали Сәрсенбай жастарға өзінің мол тәжірибесімен бөлісе отырып, атадан қалған дәстүр сабақтастығын жалғайтын, классикалық журналистиканы қолдайтын, очерк пен эссе, одан бөлек әңгіме жазатын жас тілшілер жоқтың қасы, деп ойын нақтылады. Десе де, баспагер заманауи электронды журналистиканы қолдайтынын да айтып, «біз болашақта элиталық журналистика қалыптастырамыз» деген сөзімен ой түйіндеді. Бұдан өзге, газеттің белгілі, беделді ескі мектеп журналисттері білгенімен бөлісіп, жыр кенін қазды да, болашаққа нық қадам басып, биіктерді бағындыруымызға тілектестік білдірді. Бізден де бір ағаларға деген ризашылық білдіру ниетімен, жыр сандығын ашып жас шәкіртіміз «Алматы ақшамына» өрімді өлеңін бағыштады.
Алқалы топ арқалап келген рухани байлығының қоржынын ашып, баспаның 25 және 30 жылдығына жарық көрген «Таңдаулы» жинақтарын жастарға үлестіріп беріп, орда басшысына арнайы алыптарға лайықты алып «Алашорда» кітабын алғыс айтып, сыйға тартты. Жүздесудің негізгі мақсатына ойысатын болсақ, екі тараптың разылығымен жаңа бастама бойынша Тұрандық жас буын ертеңгі күні атағы елге мәлім баспаның өзіне барып тәжірибе жинауға және өзекті өртер қоғамдық-саяси тақырыптағы мақалаларын баспа бетіне жариялап, қоғаммен бөлісуге мүмкіндік алды. Мүмкіндікті сыйлаған екі тарап екі жақты келісімге қол қойып, қаламын тербетті.
Күн мәселесін осылайша шешкен жас шәкірт кездесуден рухани мол азықпен қоса болашаққа кепілдік алды. Жалындаған жастықтың жалынын өшірмей, лаулата түскен жас тілші болашақ аты жер жаратын журналист болуна жаңа даңғыл ашылып, іргетасы қаланды. Болашағынан зор үміт күттірентін мамандарға, іске сәт. Жаһанның жедел жаршысы болатын болашақ қаламгерлерге мол мүмкіндік сыйлаған, «Алматы ақшамына» алғыс білдіреміз!