Саясат

Алматыда пара алған судьяға 45 млн айыппұл салынды

Ал алғаны - 1 млн теңге

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Медеу ауданының судьясы пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

- Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдау үшін делдал Рақышов арқылы алдын ала келісілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі бірге анықтады, - делінген хабарламада.

8 қараша да Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен Әбілқайырға 45 млн 459 600 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған азаматтар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ҚазАқпарат