Weekend

Өлшеулі өмір: Саят Әбеновтің шығармашылық кеші

Сахна

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаламынан төгілген әрбір өлең жолдары хит болатын торғайлық ақын Саят Әбенов алғашқы шығармашылық кешін өткізді!

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы танымал болу табыс көзіне айналды. Жұрт бір-бірімен подписчигінің санына қарап араласатын кезге жеттік. Инстаграмм пайда болғалы елге өзін танытқандардың бірі - торғайлық ақыны Саят Әбенов болар. 

Ғалаторда ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып жүрген жастар қаншама? Уақыт өте келе туындылары хит болған Әбенов әнге сөз жаза бастады. Орынды жазылған өлең жолдары қай әншіге ұнамасын. Бірте-бірте олардың да саны көбейді. Бүгінде торғайлық ақынның қаламынан шыққан туындыларды біраз әнші меншіктеді. Әнші мен әннің саны көбейген соң, Саят Әбенов өзінің шығармашылық кешін өткізуді жөн санап, Нұр-Сұлтан қаласында 6-шы қараша күні тыңдарман мен орындаушының басын қосты. 

"Өлшеулі өмір" атты керемет кеште Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, Әміре, Серік Ибрагимов сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Эстрада әншілерін бір сахнада тоғыстырған Торғайлық ақынға келген көрермен дән риза болды. Өз басым ерекше әсермен қайттым.

Қазақ эстрадасының жұлдыздары тек қана "Ән мен әншіде" жиналмайтынын Саят Әбенов мырза анық дәлелдеді!